02.04.2020

Иісшіл итті серік еткен сақшылар

Наурыз айының басынан бері полицейлер Маңғыстау облысында есірткіге қатысты 50 қылмыстың бетін ашты.

Көбіне полицейлерге көмекке келетін — иісшіл иттер екен. Ақтау тұрғындарының бірі сондай иіс сезгіш иттің арқасында полиция құрығына түсті. Кезекті патрульдеу кезінде “Чак” атты ит супермаркет жанынан өтіп бара жатып, күрт өзгереді. Сол сәтте ғимарат жанынан бір адам өтіп бара жатыр екен. Полицейлер азаматты тоқтатқан кезде “Чак” оның курткасының сол жақ қалтасына “белгі” береді. Куәгерлердің көзінше күдіктінің қалтасынан марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат салынған қағаз орамасы табылады. Тәркіленген есірткінің салмағы 130 грамм болды.

Басқа уақытта да полицейлер жергілікті тұрғындардан біршама есірткіні тәркіледі. Ақтау қаласының тұрғынынан алынған орама ішіндегі зат сараптамадан соң есірткі екені белгілі болды. Салмағы – 3,72 грамм.

Осындай жағдай Жаңаөзен қаласында да тіркелді. Полиция қызметкерлері көшеде қала тұрғынын тексерген кезде қалтасынан 3,24 грамм марихуана тапты.

Мұндай жағдайлар қаланың өзінде ғана емес, аудандарда да кездесті. Түпқараған ауданында екі тұрғынның бірінен 10,6 грамм, екіншісінен 5,83 грамм есірткі тәркіленді. Екеуі де ұсталды.

Поделиться ссылкой:



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.